Введите номер документа
Прайс-лист

«Бағалаушылар палатасының және оның мүшелерінің қызметі туралы ақпарат нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 26 сәуірдегі № 488 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 28 наурыздағы № 316 бұйрығы

Информация о документе
Датапонедельник, 28 марта 2022
Статус
Действующийвведен в действие с 10 апреля 2022
Дата последнего измененияпонедельник, 28 марта 2022

 «Бағалаушылар палатасының және оның мүшелерінің қызметі туралы ақпарат нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 26 сәуірдегі № 488 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 28 наурыздағы № 316 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Бағалаушылар палатасының және оның мүшелерінің қызметі туралы ақпарат нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 26 сәуірдегі № 488 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16905 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабының 2-тармағының 11) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 16-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес» БҰЙЫРАМЫН:»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген бағалаушылар палатасының және оның мүшелерінің қызметі туралы ақпараттың нысаны осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдіснамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Қаржы министрі

 

Е. Жамаубаев

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом