«Ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жүргізу, ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 7-1/394 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 456 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жүргізу, ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 7-1/394 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11265 болып тіркелген, 2015 жылғы 16 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жүргізу, ұсыну қағидаларында:
21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«21. ЖАО бөлiмшелерi есептiлiктiң мынадай түрлерiн ұсынады:
1) осы Қағидалардың 10-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген есеп;
2) осы Қағидалардың 18-тармағының 1) - 3) тармақшаларында көрсетiлген есептер;
3) ветеринариялық-санитариялық объектiлердi салу, лицензиялау мәселелері, ветеринария және ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру саласында қызмет көрсететін ветеринариялық дәрігерлер саны туралы есеп (№ 7-вет нысан).»;
24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«24. Ведомствоның аумақтық бөлiмшелерi, оның ішінде ветеринариялық бақылау бекеттері есептiлiктiң мынадай түрлерiн ұсынады: