Жүйелі тіркеуді жүзеге асыру үшін халықты хабарландыру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министірлігінің 2007 жылғы 24 тамыздағы № 246 Бұйрығы
(2011.21.06. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2018 жылғы 31 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Әділет министрінің 2011.21.06. № 230 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында, «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Жүйелі тіркеуді жүзеге асыру үшін халықты хабарландыру ережесі бекітілсін.
2. Әділет аумақтық органдары осы бұйрықтан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі комитетінің төрағасы С.С. Әбішке жүктелсін.
4. Осы бұйрық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің м.а.
2007 жылғы 24 тамыздағы
бұйрығымен бекітілген
Жүйелі тіркеуді жүзеге асыру үшін халықты хабарландыру
ережесі
1. Жалпы ережелер
ҚР Әділет министрінің 2011.21.06. № 230 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Осы Жүйелі тіркеуді жүзеге асыру үшін халықты хабарландыру ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» 2007 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында әзірленді.
2. Осы Ереже жүйелі тіркеуді жүзеге асыру үшін халықты хабарландырудың тәртібін белгілейді.