Введите номер документа
Прайс-лист

«Мемлекеттік қаржының жай-күйі туралы мәліметтерді мониторингтеу және қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 31 мамырдағы № 278 бұйрығы (қолданысқа енген жоқ)

Информация о документе
Датасуббота, 31 мая 2025
Статус
Не введен в действиевводится в действие с 1 июля 2026

Мемлекеттік қаржының жай-күйі туралы мәліметтерді мониторингтеу және қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 31 мамырдағы № 278 бұйрығы

 

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 47-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік қаржының жай-күйі туралы мәліметтерді мониторингтеу және қалыптастыру қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

2) осы бұйрықтың ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

 

 

Қазақстан Республикасының

Қаржы министрі

 

М. Такиев

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрлігі

 

Қазақстан Республикасының

Қаржы министрі

2025 жылғы 31 мамырдағы

№ 278 бұйрығына

бекітілген

 

 

Мемлекеттік қаржының жай-күйі туралы мәліметтерді мониторингтеу және қалыптастыру

 қағидалары

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Мемлекеттік қаржының жай-күйі туралы мәліметтерді мониторингтеу және қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің (бұдан әрі - Бюджет кодексі) 47-бабы 3-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік қаржының жай-күйі туралы мәліметтерді мониторингтеу және қалыптастыру тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидаларды әзірлеудің мақсаты мемлекеттік қаржыны тиімді басқару үшін ақпараттық базаны қалыптастыру болып табылады.

 

 

Документ не введен в действие

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом