Беларусь Республикасының Yкіметі, Қазақстан Республикасының Yкіметі, Қырғыз Республикасының Yкіметі, Ресей Федерациясының Yкіметі және Тәжікстан Республикасының Yкіметі арасындағы азаматтардың өзара визасыз сапарлары туралы
келісім
(Минс қ., 2000 ж. 30 қараша)
Осы редакция 2005 жылғы 24 наурыза енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР 2001 жылғы 6 желтоқсандағы № 262 Заңымен ратификацияланды
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Беларусь Республикасының Yкіметі, Қазақстан Республикасының Yкіметі, Қырғыз Республикасының Yкіметі, Ресей Федерациясының Yкіметі және Тәжікстан Республикасының Yкіметі,
Тараптар мемлекеттері арасындағы достық, ізгі көршілік қатынастарды дамытуды, экономикалық, сауда-саттық, ғылыми-техникалық, мәдени және өзге де байланыстарды нығайтуды мақсат тұта отырып,
Тараптар мемлекеттері арасындағы интеграциялық байланыстарды одан әрі нығайту үшін қажетті шаралар қабылдауға қатысты өзара мүдделілікті негізге ала отырып,
Тараптар мемлекеттерінің аумақтары бойынша азаматтардың өзара сапарларының шарттарын барынша жеңілдету ниетін басшылыққа ала отырып,
төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Тұрғылықты жеріне қарамастан Тараптар мемлекеттерінің азаматтары осы Келісімнің 1, 2, 3, 4 және 5-қосымшаларында көрсетілген қолданыстағы құжаттардың бірі бойынша Тараптар мемлекеттерінің аумақтарына визасыз келуге, кетуге, транзитпен өтуге, жүріп-тұруға және онда болуға құқылы.
Тараптар осы Келісімге қол қойғаннан кейін осы Келісімнің 1, 2, 3, 4 және 5-қосымшаларында санамаланған құжаттардың үлгілерін дипломатиялық арналар бойынша кідіріссіз алмасады.
2-бап
Тараптар мемлекеттерінің азаматтары халықаралық қатынас үшін ашылған өткізу пункттері арқылы Тараптар мемлекеттерінің әрқайсысының аумағына келе алады және осы аумақтан кете алады.
Тараптар осы Келісімге қатысушы мемлекеттер азаматтарының жүріп-тұруы үшін ашылған өткізу пункттерінің тізімдерін дипломатиялық арналар бойынша алмасады.
3-бап