Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы
Қостанай облысы әкімдігінің 2015 жылғы 21 қыркүйектегі № 396 Қаулысы
(2019.11.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Қостанай облысы әкімдігінің 2020 жылғы 20 қаңтардағы № 16 Қаулысымен күші жойылды
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қостанай облысы әкімдігінің 2019.11.02. № 56 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған:
1) «Дәрігерді үйге шақыру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
2) «Дәрігердің қабылдауына жазылу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
3) «Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін медициналық ұйымдарға тіркелу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
4) «АИТВ-инфекциясының болуына ерікті анонимді және міндетті құпия медициналық тексерілу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
5) «Туберкулезге қарсы ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
6) «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
7) «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;