Еуразиялық экономикалық комиссия департаменттері директорларының және директорлары орынбасарларының бос лауазымдарына орналасуға кандидаттарды біліктілік іріктеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 3 қыркүйектегі № 608 Қаулысы
(2023.04.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2023 жылғы 22 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 22-5-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Еуразиялық экономикалық комиссия департаменттері директорларының және директорлары орынбасарларының бос лауазымдарына орналасуға кандидаттарды біліктілік іріктеу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | А. Мамин |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2021 жылғы 3 қыркүйектегі
№ 608 қаулысымен
бекітілген
Еуразиялық экономикалық комиссия департаменттері директорларының және
директорлары орынбасарларының бос лауазымдарына орналасуға кандидаттарды біліктілік іріктеу
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Еуразиялық экономикалық комиссия департаменттері директорларының және директорлары орынбасарларының бос лауазымдарына орналасуға кандидаттарды біліктілік іріктеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 22-5-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және Еуразиялық экономикалық комиссия департаменттері директорлары мен директорлары орынбасарларының бос лауазымдарына орналасуға кандидаттарды біліктілік іріктеу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) біліктілік талаптар - Еуразиялық экономикалық комиссия департаменті директорының немесе директоры орынбасарының бос лауазымына орналасуға үміткер кандидатқа білімі және жұмыс тәжірибесі бойынша қойылатын талаптар;