Құжаттар көшірмелерінің мемлекеттік сақтандыру қорын құру және сақтау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2018 жылғы 31 шілдедегі № 183 бұйрығы
«Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 18-бабы 2-тармағы 2-8) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берілген Құжаттар көшірмелерінің мемлекеттік сақтандыру қорын құру және сақтау қағидаларын бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлiгiнiң Архив ісі және құжаттама департаменті заңнамада белгiленген тәртiпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін екі жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрықта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушы | Е. Қожағапанов |
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрінің
міндетін атқарушының
2018 жылғы 31 шілдедегі
№ 183 бұйрығымен бекітілді