Реттеліп көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 18 сәуірдегі № 26 бұйрығы
(2025.01.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2026 жылғы 4 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Ұлттық экономика министрінің 2022.28.01. № 8 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 32) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған реттеліп көрсетілетін қызметтердің тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі | Р. Дәленов |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының