Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмектің тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 20 маусымдағы № 421 Қаулысы
(2026.01.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2025.23.09. № 786 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (2025 ж. 6 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді және 2025 ж. 7 мамырдан бастап туындаған қатынастарға қолданылады) (бұр.ред.қара)
«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмектің тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | А. Мамин |
ҚР Үкіметінің 2020.16.10. № 673 Қаулысымен тізбе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2025.23.09. № 786 Қаулысымен тізбе өзгертілді (2025 ж. 6 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді және 2025 ж. 7 мамырдан бастап туындаған қатынастарға қолданылады) (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2025.15.12. № 1086 Қаулысымен тізбе жаңа редакцияда (2025 ж. 29 желтоқсаннан, 2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 20 маусымдағы
№ 421 қаулысымен
бекітілген
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмектің
тізбесі
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекке мыналар кіреді:
1. Амбулаториялық жағдайлардағы мамандандырылған медициналық көмек (тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі - ТМККК) шеңберінде аурулардың профилактикасы, диагностикасы және скринингтік зерттеу жағдайларын қоспағанда):
1) уәкілетті орган айқындаған тәртіппен және кезеңділікпен профилактикалық медициналық қарап-тексеру;
1-тармағының 2), 3), 4), 5), 6), тармақшалары 2025 ж. 29 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді