Арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдарын пайдалану қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2013 жылғы 5 қыркүйектегі № 689 бұйрығы
(2023.21.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2023 жылғы 12 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 13-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдарын пайдалану қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті (Қ.Б.Әбсаттаров):
1) осы бұйрықты заңнамамен белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында, соның ішінде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында ресми жариялауды және мемлекеттік органдар интранет-порталында (МОИП) орналастыруды;
3) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін 5 жұмыс күні ішінде мемлекеттік тіркеу туралы және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға жіберу туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі А.Ғ. Бектұровқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Министрдің міндетін атқарушы | Р. Скляр |
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация министрінің
міндетін атқарушы
2013 жылғы 5 қыркүйектегі
№ 689 бұйрығымен бекітілген
Арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдарын пайдалану
қағидалары
1. Жалпы ережелер
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2021.18.11. № 602 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)