Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының білім беру қызметінің мәселелері бойынша кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2021 жылғы 3 шілдедегі № 95 бұйрығы
Осы редакция 2023 жылғы 27 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының білім беру қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы (бұдан әрі - Академия):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Академияның ректорына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры | Г. Нурдаулетов |
Казақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2021 жылғы 3 шілдедегі
№ 95 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының білім беру қызметі мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының
тізбесі
1. «Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 13 тамыздағы № 101 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12000 болып тіркелген) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясына оқуға қабылдау қағидаларында:
1-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: