Мемлекеттік орман күзеті, орман өртін сөндіру станциясының қызметкерлерін, орман және табиғат қорғау мекемелерінің басшыларын оқытуды ұйымдастыру және өту қағидалары бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 2023 жылғы 10 қарашадағы № 605 және Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2023 жылғы 14 қарашадағы № 320-Ө бірлескен бұйрығы
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 2025 жылғы 17 қаңтардағы № 10-Ө және ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 25 қаңтардағы № 25 бірлескен бұйрығымен күші жойылды
«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 12-бабының 44) тармағына сәйкес мемлекеттік орман күзеті, орман өртін сөндіру станциясы қызметкерлерінің және табиғат қорғау және орман мекемелері басшыларының оқудан өтуді ұйымдастыру мақсатында БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік орман күзеті, орман өртін сөндіру станциясының қызметкерлерін және орман және табиғат қорғау мекемелерінің басшыларын оқытуды ұйымдастыру және өту қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) бекітілсін.
2. Облыс әкімдіктері, орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекцияларының басшылары аталған санаттағы қызметкерлерді оқытуды уақтылы ұйымдастыру бойынша осы Қағидалардан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуы бойынша жұмысты Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіне (Д.Ғ. Тұрғанбаев), орындалуының үйлестіруді Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитетіне (Р.Ф. Камалов) жүктелсін.
4. Осы бірлескен бұйрық мемлекеттік орган басшыларының соңғысы қол қойған күнінен бастап күшіне енеді.
| Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушы | Б. Сыздықов |
| Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі | Е. Нысанбаев |