ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2019.30.01. № 40 бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 27 наурыздағы
№ 272 бұйрығына
17-қосымша
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2019.27.09. № 356 бұйрығымен алып тасталды
«Суармалы егiстiктi алқаптардың суарылмайтын түрiне ауыстыруға рұқсат беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
(2019.30.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Суармалы егiстiктi алқаптардың суарылмайтын түрiне ауыстыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын (бұдан әрі - Стандарт) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті облыстардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) аудандардың жергілікті атқарушы органдарының кеңсесі;
2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
1) құжаттар топтамасы тапсырылған күннен бастап - күнтізбелік 30 (отыз) күн;
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін барынша жол берілетін күту уақыты - 15 (он бес) минут;
3) құжаттарды алу үшін кезектегі барынша жол берілетін уақыт - 15 (он бес) минут.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - көрсетілетін қызметті берушінің суармалы егiстiктi алқаптардың суарылмайтын түрiне ауыстыру туралы шешімі не осы Стандарттың 10-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.