Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігінің (уақытша басқарушының) есептер мен өзге (қосымша) ақпаратты беру нысандарын, мерзімдерін және кезеңділігін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 16 шілдедегі № 148 Қаулысы
(2016.30.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2017 жылғы 27 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігінің (уақытша басқарушының) (бұдан әрі - уақытша әкімшілік) қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі - Ұлттық Банк) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша банк активтерінің жағдайы туралы есеп;
2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы активтерінің жағдайы туралы есеп;
3) осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша банк міндеттемелерінің жағдайы туралы есеп;
4) осы қаулының 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша сақтандыру ұйымы міндеттемелерінің жағдайы туралы есеп;
5) осы қаулының 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қайта сақтандыру ұйымы міндеттемелерінің жағдайы туралы есеп;
6) осы қаулының 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қаржы ұйымының баланстан тыс шоттары бойынша есеп;
7) осы қаулының 7-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қаржы ұйымының есепті кезеңдегі ағымдағы шоты бойынша ақша қозғалысы туралы есеп;
8) осы қаулының 8-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қаржы ұйымының есепті кезеңдегі касса бойынша ақша қозғалысы туралы есеп;
9) осы қаулының 9-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қаржы ұйымының уақытша әкімшілігі есепті кезеңде жұмсаған шығыстары туралы есеп;
10) осы қаулының 10-қосымшасына сәйкес нысан бойынша есепті кезеңде қаржы ұйымының атынан сотқа берілген талап арыздар туралы есеп;
11) осы қаулының 11-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қаржы ұйымы қызметкерлерінің саны туралы есеп;