Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1729 Қаулысы
(2019.30.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2020 жылғы 6 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2016.29.12. № 908 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2019.30.05. № 347 Қаулысымен (бұр.ред.қара) тақырыбы жаңа редакцияда
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Үкіметінің 2016.29.12. № 908 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2019.30.05. № 347 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидалары бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсету үшін дәрілік заттарды сатып алуды ұйымдастыру мен өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 шілдедегі № 632 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 25, 298-құжат);
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 шілдедегі № 632 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 наурыздағы № 448 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 17, 150-құжат).
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
ҚР Үкіметінің 2016.29.12. № 908 Қаулысымен ереже жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2017.08.11. № 719 Қаулысымен қағида жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 30 қазандағы
№ 1729 қаулысымен
бекітілген