«Полигон операторының тарату қорын қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 22 тамыздағы № 579 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2023 жылғы 2 тамыздағы № 233 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Полигон операторының тарату қорын қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 22 тамыздағы № 579 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29286 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
осы бұйрықпен бекітілген Полигон операторының тарату қорын қалыптастыру қағидаларында:
2-тармақта:
3-тармақшасы алынып тасталсын;
7-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«7. Тарату қорына жыл сайынғы аударымдарды полигон операторы Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейдегі банктердегі жеке шотқа жүргізеді. Коммуналдық меншіктегі полигон операторы тарату қорын қалыптастыру үшін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ақшаны уақытша орналастырудың бақылау қолма-қол шоты ашылады.»;
полигон операторының тарату қорын қалыптастыру қағидалары осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Қалдықтарды басқаруда мемлекеттік саясат департаменті заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;