Введите номер документа
Прайс-лист

«Өңірлік жастар форумы туралы үлгілік қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 244 бұйрығы (2021.15.04. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

Информация о документе
Датапонедельник, 27 апреля 2015
Статус
Утратил силу
утратил силу с 15 апреля 2025

Өңірлік жастар форумы туралы үлгілік қағидаларды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 244 бұйрығы

(2021.15.04. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 128-НҚ бұйрығымен күші жойылды

 

«Мемлекеттік жастар саясаты туралы» 2015 жылғы 9 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған өңірлік жастар форумы туралы үлгілік қағидалар бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жастар саясаты департаменті (Р.С. Кәрібжанова) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты ресми жариялауды;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Т.О. Балықбаевқа жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

 

 

Министр

А. Сәрінжіпов

 

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2015 жылғы 27 сәуірдегі

№ 244 бұйрығымен бекітілген

 

 

Өңірлік жастар форумы туралы

үлгілік қағидалар


1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Өңірлік жастар форумы туралы үлгілік қағидалар (бұдан әрі - Үлгілік қағидалар) «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» 2015 жылғы 9 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 10) тармақшасына сәйкес әзірленді және өңірлік жастар форумдарын өткізу тәртібін айқындайды.

2. Өңірлік жастар форумы (бұдан әрі - Форум) - жергілікті атқарушы органдар мен жастар арасындағы өзара іс-қимылдың өңірлік деңгейін қалыптастыру мақсатында өткізілетін жастар өкілдерінің форумы.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом