«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жұмысын ұйымдастыру бойынша Нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 20 қазандағы № 458 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 2 наурыздағы № 89 бұйрығы
ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 9 қарашадағы № 452 бұйрығымен күші жойылды
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 3-тармағына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволары қызметкерлерінің әкімшілік рәсімдерін одан әрі жетілдіру, жауапкершілігі мен орындаушылық тәртібінің деңгейін арттыру және бақылауды күшейту мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жұмысын ұйымдастыру бойынша Нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 20 қазандағы № 458 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жұмысын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің вице-министрлері, құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволарының басшылары Нұсқаулық талаптарының қатаң орындалуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Білім және ғылым вице-министрлері мен аппарат басшысына жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2021 жылғы 2 наурыздағы
№ 89 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің
жұмысын ұйымдастыру жөніндегі
нұсқаулық
1. Жалпы ережелер