Введите номер документа
Прайс-лист

«Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 14 шілдедегі № 782 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 18 тамыздағы № 336 бұйрығы

Информация о документе
Датапонедельник, 18 августа 2025
Статус
Действующийвведен в действие с 2 сентября 2025
Дата последнего измененияпонедельник, 18 августа 2025

«Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 14 шілдедегі № 782 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 18 тамыздағы № 336 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 14 шілдедегі № 782 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9931 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

Бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Кәсіби өртке қарсы қызметтердің қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы»;

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 1-тармағының 52) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

Бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қоса берiлiп отырған Кәсіби өртке қарсы қызметтердiң қызметін жүзеге асыру қағидалары бекiтiлсiн.»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің қызметін жүзеге асыру қағидалары осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін;

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Төтенше жағдайлар министрі

 

Ч. Аринов

 

Қазақстан Республикасының

Төтенше жағдайлар министрі

2025 жылғы 18 тамыздағы

№ 336 бұйрыққа

қосымша

 

Қазақстан Республикасы

Ішкі істер министрінің

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом