Эндемиктік және реликтік өсімдіктердің тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2023 жылғы 7 наурыздағы № 78 бұйрығы
«Өсімдіктер дүниесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Эндемиктік және реликтік өсімдіктердің тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2023 жылғы 7 наурыздан бастап күшіне енеді және ресми жариялауға жатады.
| Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрі | З. Сулейменова |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи
ресурстар министрі
2023 жылғы 7 наурыздағы
№ 78 бұйрығымен
бекітілген
Эндемиктік және реликтік өсімдіктердің
тізімі
| |
| № | Қазақ тiлiнде | Орыс тiлiнде | Латын тiлiнде |
| 1 | 2 | 3 | 4 |
| Эндемиктік өсімдіктері |
| 1. | Каратау кемпіршөбі | Акантолимон каратавский | Acantholimon karatavicum Pavlov |
| 2. | Микешина кемпіршөбі | Акантолимон Микешина | Acantholimon mikeschinii Lincz. |
| 3. | Мыңжылқы кемпіршөбі | Акантолимон минжелкенский | Acantholimon minshelkense Pavlov |
| 4. | Титов кемпіршөбі | Акантолимон Титова | Acantholimon titovii Lincz. |
| 5. | Ұзынжемісті бипан | Ахорифрагма длинноплодная | Achoriphragma longicarpum (Krasn.) Sojak (Parrya longicarpa Krasn.) |