Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 8 қарашадағы № 724 Қаулысы
(2019.14.10. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2019 жылғы 6 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Б. Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 8 қарашадағы
№ 724 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін
өзгерістер мен толықтырулар
1. ҚР Үкіметінің 2019.29.08. № 637 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2. «Әскери мүлік айналымының кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 16 шілдедегі № 687 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 32, 338-құжат):
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Пайдаланылмайтын әскери мүлікті құрту, кәдеге жарату, көму арқылы беру, өткізу және жою, сондай-ақ қорғаныс объектілерін мүліктік жалға беру (жалгерлікке беру) қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Пайдаланылмайтын әскери мүлікті беру, өткізу және кәдеге жарату, сондай-ақ қорғаныс объектілерін мүліктік жалға беру (жалгерлікке беру) қағидалары осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3. ҚР Үкіметінің 2019.14.10. № 759 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік қорғаныстық тапсырысын қалыптастыру, орналастыру және орындау қағидалары осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 8 қарашадағы
№ 724 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 16 шілдедегі