Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының жұмыскерлері еңбегінің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 2016 жылғы 7 қыркүйектегі № 62 бұйрығы
(2023.07.10. берілген толықтыруларымен)
Осы редакция 2026 ж. 25 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының жұмыскерлері үшін мамандықтары бойынша жұмыс өтілін есептеу қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының жұмысшыларына еңбек сіңірген жылдары үшін үстемеақылар белгілеу қағидалары мен шарттары бекітілсін.
2. «Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары жүйесінің жұмыскерлері үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілін есептеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 19 маусымдағы № 51 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11758 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 7 (28735) санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Кадрлар департаменті:
1) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін көшірмелерін күнтізбелік он күн ішінде елтаңбалы мөрмен куәландырылған қағаз данасын қоса бере отырып, электронды тасымалдауышта «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;