Введите номер документа
Прайс-лист

«Қостанай ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 7 қарашадағы № 966 «Қостанай ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қостанай облысы Қостанай ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 22 мамырдағы № 303 Қаулысы

Информация о документе
Датачетверг, 22 мая 2025
Статус
Действующийвведен в действие с 3 июня 2025
Дата последнего изменениячетверг, 22 мая 2025

Қостанай ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 7 қарашадағы № 966 «Қостанай ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қостанай облысы Қостанай ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 22 мамырдағы № 303 Қаулысы

 

Қостанай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қостанай ауданы әкімдігінің «Қостанай ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы» 2022 жылғы 7 қарашадағы № 966 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30459 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1-тармағы 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығымен бекітілген Ішкі сауда қағидаларының 73-тармағына сәйкес Қостанай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;

көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қостанай ауданы әкімдігінің «Кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оның Қостанай ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қостанай ауданының әкімі

О. НУРГАЛИЕВ

 

Қостанай ауданы әкімдігінің

2025 жылғы 22 мамырдағы

№ 303 қаулысына

қосымша

 

 

Қостанай ауданының әкімшілік аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары

 

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами