Клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 207 Қаулысы
(2026.05.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2025 жылғы 31 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды (2026 ж. 11 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2022.17.09. № 84 Қаулысымен (2022 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.25.08. № 53 Қаулысымен (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.17.12. № 94 Қаулысымен (2026 ж. 5 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда
«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң ережесiн және құрылымын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ереженің 19-тармағының екінші бөлігі екінші абзацының 28) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларының құрылымдық элементтерінің осы қаулының қосымшасына сәйкес тізбе бойынша күші жойылсын.
3. Төлем жүйелерi департаменті (Ашықбеков Е.Т.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына: