Введите номер документа
Прайс-лист

«Петицияға қосылу қағидаларын және петицияға қосылу туралы жазбаша арыз нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2023 жылғы 6 желтоқсандағы № 489-НҚ бұйрығы

Информация о документе
Датасреда, 6 декабря 2023
Статус
Действующийвведен в действие с 4 апреля 2024
Дата последнего изменениясреда, 6 декабря 2023

Петицияға қосылу қағидаларын және петицияға қосылу туралы жазбаша арыз нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2023 жылғы 6 желтоқсандағы № 489-НҚ бұйрығы

 

Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі 90-3-бабының бірінші бөлігіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Мыналар:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Петицияға қосылу қағидалары;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Интернет-ресурста петицияға қосылу туралы жазбаша арыз нысаны бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мемлекет пен қоғам коммуникацияларын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық 2024 жылғы 4 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

Қазақстан Республикасының

 Мәдениет және ақпарат министрі

 

А. Балаева

 

Қазақстан Республикасының

Мәдениет және ақпарат министрі

2023 жылғы 6 желтоқсандағы

№ 489-НҚ бұйрыққа

1-қосымша

 

 

Петицияға қосылу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Петицияға қосылу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі (бұдан әрі - Кодекс) 90-2-бабының бірінші бөлігіне және 90-3-бабының бірінші бөлігіне сәйкес әзірленді және петицияға қосылу тәртібін айқындайды.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом