Ерейментау ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы
Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 2020 жылғы 20 сәуірдегі № 6С-48/5-20 шешімі
(2022.16.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2022 жылғы 7 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Ерейментау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған Ерейментау ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары бекітілсін.
2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Ерейментау аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Ерейментау аудандық мәслихатының сессия төрағасы | Н. Мандаев |
| Ерейментау аудандық мәслихатының хатшысы | К. Махметов |
«КЕЛІСІЛДІ»
Ерейментау ауданының әкімдігі
Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 2022.16.03. № 7С-23/8-22 шешімімен қағида жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Ерейментау аудандық мәслихатының
2020 жылғы 20 сәуірдегі
№ 6С-48/5-20 шешімімен
бекітілген
Ерейментау ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың
қағидалары