Аққулы ауданы бойынша 2025-2029 жылдарға арналған Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы
Павлодар облысы Аққулы аудандық мәслихатының 2025 жылғы 14 мамырдағы № 147/32 шешімі
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Жайылымдар туралы» Заңының 8-бабының 1) тармақшасына, 13-бабына сәйкес, Аққулы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса берілген Аққулы ауданы бойынша 2025-2029 жылдарға арналған Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Аққулы аудандық мәслихатының төрағасы | А. Касымова |
Аққулы аудандық мәслихатының
2025 жылғы 14 мамырдағы
№ 147/32 шешімімен бекітілді
Аққулы ауданы бойынша 2025-2029 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі
жоспар
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Аққулы ауданы бойынша 2025-2029 жылдарға арналған Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар (бұдан әрі - Жоспар) «Жайылымдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 6-бабының 4-1) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді.
2. Жоспар жайылымдарды ұтымды пайдалану, азыққа деген қажеттілікті орнықты қамтамасыз ету және жайылымдардың тозу процестерін болдырмау мақсатында қабылданады.
2 тарау. Аққулы ауданы бойынша 2025-2029 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспары
3. Жоспарды әзірлеген кезде мыналар ескеріледі:
1) осы Жоспарға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Аққулы ауданының жер балансының және мемлекеттік жер кадастрының ақпараттық жүйесінің деректері;
2) осы Жоспарға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау мәліметтері;