Введите номер документа
Прайс-лист

«Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 55 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2021 жылғы 1 шілдедегі № 220 бұйрығы

Информация о документе
Датачетверг, 1 июля 2021
Статус
Действующийвведен в действие с 1 июля 2021
Дата последнего изменениячетверг, 1 июля 2021

«Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 55 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2021 жылғы 1 шілдедегі № 220 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 55 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10516 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу қағидаларында:

2-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«5) энергия өндіруші ұйым - электр және (немесе) жылу энергиясын өз қажеттіліктері және (немесе) Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы заңнамасына сәйкес электр және (немесе) жылу энергиясының жеке тұтынушылары мен электр энергиясының нетто-тұтынушылары болып табылатын осындай тұтынушыларды қоспағанда, көтерме сауда нарығында электр энергиясын сатып алушыларға, жылу энергиясын тұтынушыларға өткізу үшін өндіруді жүзеге асыратын ұйым.»;

16-тармақ алып тасталсын;

1-тармақтың алтыншы - он төртінші абзацтары 2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді

17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«17. Құжаттар Портал арқылы келіп түскен күні мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органның, Жергілікті атқарушы органның және мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органның аумақтық бөлімшенің (бұдан әрі - Көрсетілетін қызметті беруші) іс жүргізуге жауапты маманы құжаттарды тіркеуді жүзеге асырады және Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің басшысын анықтайтын Көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына қарауға жолдайды.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом