Жануарларды интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 13 мамырда № 18-2/434 бұйрығы
(2023.23.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2018.02.11. № 446 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 9-бабының 1-тармағының 71) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2018.02.11. № 446 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған Жануарларды интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2018.02.11. № 446 бұйрығымен қағида жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 13 мамырдағы
№ 18-2/434 бұйрығымен
бекітілген
Жануарларды интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер