Орал қаласы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы
Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімінің 2018 жылғы 21 желтоқсандағы № 34 шешімі
(2025.31.10. берілген өзгерістермен)
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 23-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабына сәйкес және Орал қалалық (аумақтық) сайлау комиссиясының келісімі бойынша, қала әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қосымшаға сәйкес Орал қаласы аумағында сайлау учаскелері құрылсын.
2. Орал қаласы әкімінің 2015 жылғы 23 қазандағы № 30 «Орал қаласы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4130 тіркелген, 2015 жылғы 21 желтоқсанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Орал қаласы әкімі аппараты мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы (А. Отеуов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілері эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау қала әкімінің аппарат басшысы Е. Каримовқа жүктелсін.
5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.11
«КЕЛIСIЛДI»
Орал қалалық (аумақтық)
сайлау комиссиясының
төрайымының уақытша
міндетін атқарушы
Р.Қуанов
«__» _______2018 ж.