Қала құрылысы жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 29 мамырдағы № 269 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Құрылыс кодексі 24-бабының 12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Бекіту:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қала құрылысы жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар);
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі.
2. Қазақстан Республикасы Өнеркəсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркəсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
5. Қағидалардың 29-тармағын 2028 жылғы 1 шілдеден бастап мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«29. Кешенді қала құрылысы сараптамасы аяқталғаннан кейін құпиялылық таңбасы немесе «қызмет бабында пайдалану үшін» белгісі бар қала құрылысы жобасының қағаз түріндегі түпкілікті редакциясы тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), лауазымы, сертификат нөмірі және оның берілген күні көрсетіле отырып, сарапшының мөрімен куәландырылады.».
| Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі | Е. Нагаспаев |
Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және
құрылыс министрінің
2026 жылғы 29 мамырдағы
№ 269 бұйрыққа 1-қосымша
Қала құрылысы жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер