Грант қаражаты есебінен сатып алынған тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге, дипломатиялық өкілдікке және олардың персоналына төленген қосылған құн салығын қайтаруға байланысты кейбір мәселелер туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 17 қазандағы № 914 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 113-бабының 2-тармағына, 130-бабының 4-тармағына және 131-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналардың:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес грант қаражаты есебінен сатып алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша төленген қосылған құн салығын қайтару туралы салықтық өтініш нысаны;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес дипломатиялық өкілдік және олардың персоналы сатып алған тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер бойынша жиынтық ведомосының (тізілімінің) нысаны бекітілсін.
2. «Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттердің дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктеріне, шет мемлекеттің консулдық мекемелерінің сатып алынған тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер бойынша жиынтық ведомосының (тізілімінің) нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 212 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16513 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3 Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы жөніндегі мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.