Көппәтерлі тұрғын үйді басқарушыға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 25 тамыздағы № 312 бұйрығы
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-2-бабының 10-39) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес көппәтерлі тұрғын үйді басқарушыға қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жариялаған күнінен бастап күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі | Е. Нагаспаев |
Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және
құрылыс министрінің
2025 жылғы 25 тамыздағы
№ 312 бұйрыққа
1-қосымша
Көппәтерлі тұрғын үйді басқарушыға қойылатын
біліктілік талаптары
1. Осы біліктілік талаптары көппәтерлі тұрғын үйді басқарушысыға қойылады және мынадай талаптарды қамтиды:
1) құқық, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, гуманитарлық ғылымдар, техникалық ғылымдар және технологиялар мамандықтары бойынша кәсіптік орта, жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;