Осы редакция 2025 ж. 15 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
2024 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 479 бұйрығына 12-қосымша
«Газ тарату құбырларын пайдалану және жөндеу»
кәсіптік стандарты
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Кәсіптік стандарттың қолдану аясы: «Тарату газ құбырын пайдалану және жөндеу» кәсіптік стандарты (бұдан әрі - кәсіптік стандарт) Қазақстан Республикасының «Кәсіптік біліктілік туралы» Заңының 5-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленген, тарату газ құбырының жұмысқа жарамдылығын қамтамасыз етумен айналысатын негізгі кәсіптерді құрылымдау, жұмыстардың сипаттамаларын және қызметкерлердің негізгі еңбек функцияларын сипаттау, біліктілік және құзыреттілік деңгейіне, еңбек мазмұнына, сапасына және еңбек жағдайларына қойылатын талаптарды айқындау мақсатында жасалған. Аталған кәсіптік стандарт кәсіпорындардағы персоналды оқытуға, сондай-ақ білім беру мекемелері түлектері мен қызметкерлерін сертификаттауға арналған білім беру бағдарламаларын жасауға мүмкіндік береді.
2. Осы кәсіптік стандартта мынадай терминдер, анықтамалар мен қысқартулар қолданылады:
1) авариялық-қалпына келтіру жұмыстары - төтенше жағдай (зақымдау) аумағында орындалатын, қирау ошақтарын және жоғары қауіпті ошақтарды оқшауландыру, құбырлардағы апаттар мен зақымдарды жою жөніндегі бірінші кезектегі жұмыстар;
2) біліктілік - еңбек нарығы және одан әрі білім алу үшін меңгерілген құзыреттердің құндылығын ресми тану, бұл еңбек қызметін жүзеге асыруға мүмкіндік береді;
3) білім - кәсіптік міндеттер аясында әрекеттерді орындау үшін қажетті зерттелген және меңгерілген ақпарат;
4) бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы - жұмысшылардың жұмыстарына тарифтік разрядтар беру және жұмысты тарификациялау үшін арналған анықтамалық;