Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының кейбір нормативтік қаулыларына азаматтық және азаматтық процестік заңнама бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 7 Нормативтік қаулысы
(2023.16.11. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2024 жылғы 28 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының мынадай нормативтік қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. ҚР Жоғарғы Сотының 2019.31.05. № 2 нормативтік қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2. «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнаманы соттардың қарау практикасы туралы» 1996 жылғы 25 шілдедегі № 7 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2004 жылғы 18 маусымдағы № 9, 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 5, 2017 жылғы 31 наурыздағы № 2 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):
1) 5-тармақтағы «541-бабының 10) тармақшасы» деген сөздер «616-бабының 11) тармақшасы» деген сөздермен ауыстырылсын;
3. «Азаматтардың мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй-жайларды жекешелендіру жөніндегі заңнаманы қолдану сот практикасы туралы» 1997 жылғы 18 шілдедегі № 9 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2004 жылғы 18 маусымдағы № 8, 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 5; 2015 жылғы 10 сәуірдегі №2 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):
1) 1-тармақтағы «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 тамыздағы № 1091 қаулысымен бекітілген Әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету қағидалары» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 49 қаулысымен бекітілген Әскери қызметшілерді қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету, тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидалары» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 4-тармақта:
«535-бабы 1-тармағының 7) тармақшасында» деген сөздер «610-бабы 1-тармағының 7) тармақшасында» деген сөздермен ауыстырылсын;