Шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің, оның ішінде жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу міндетті болып табылатын шығыстар түрлерінің тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 20 мамырдағы № 242 бұйрығы
(2026.01.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2026 ж. 4 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 110-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің, оның ішінде жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу міндетті болып табылатын шығыстар түрлерінің тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
2) осы бұйрықтың ресми жарияланған кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Қаржы министрі | М. Такиев |
ҚР Қаржы министрінің 2026.03.03. № 150 бұйрығымен (2026 ж. 16 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); ҚР Қаржы министрінің 2026.04.06. № 365 бұйрығымен (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) тізбе өзгертілді
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2025 жылғы 20 мамырдағы
№ 242 бұйрығымен бекітілген