Азаматтық қорғаныс жоспарларының және төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарларының құрылымын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 29 мамырдағы № 258 бұйрығы
Осы редакция 2018 жылғы 2 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 12-бабының 26) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мына:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес азаматтық қорғаныс жоспарының құрылымы;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарының құрылымы бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Азаматтық қорғаныс департаменті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі В.В. Петровқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрінің
2014 жылғы 29 мамырдағы
№ 258 бұйрығына
1-қосымша
Азаматтық қорғаныс жоспарының
құрылымы
Қарсылас шабуыл жасаған кездегі ықтимал ахуалды қысқаша бағалау
1. Қазіргі заманғы зақымдау құралдарын қолдану кезіндегі ықтимал шабуыл жасалатын объектілер және диверсиялық-барлау топтарының іс-қимылдары.
2. Шабуылдау объектілерінің қысқаша сипаттамасы. Азаматтық қорғанысты ұйымдастыруға және жүргізуге ықпал ететін ерекшеліктер.
3. Объектілердегі қарсылас шабуылынан кейінгі ықтимал ахуалға қысқаша баға беру және диверсиялық барлау топтарының іс-қимылдары. Қарсылас шабуылы салдарының ықтимал ауқымы және сипаты.
4. Қарсылас шабуылынан кейінгі ахуалды бағалаудан шығатын тұжырымдар.