Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде әскери мақсаттағы тауарларға (өнімдерге), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларға (өнімдерге), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерге баға белгілеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 17 қазандағы № 772 Қаулысы
(2025.20.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2025.20.10. № 881 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 7) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде әскери мақсаттағы тауарларға (өнімдерге), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларға (өнімдерге), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерге баға белгілеу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | А. Мамин |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 17 қазандағы
№ 772 қаулысымен
бекітілген
Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде әскери мақсаттағы тауарларға (өнімдерге),
қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларға (өнімдерге), әскери мақсаттағы жұмыстар
мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерге баға белгілеу
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 2024.12.09. № 746 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 28 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)