Көрсетілетін білім беру қызметін алушылар бойынша ваучерлік қаржыландыруды ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі пилоттық жобаның кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 372 бұйрығы
(2025.23.09. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2025 жылғы 12 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Оқу-ағарту министрінің 2025.06.05. № 105 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2025 ж. 3 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің төрағалығымен 2024 жылғы 29 шілдеде өткен кеңестің № 16-04/07-1393 хаттамасының 7-тармағының 2) тармақшысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Оқу-ағарту министрінің 2025.06.05. № 105 бұйрығымен (2025 ж. 3 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады) (бұр.ред.қара); ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 2025.31.07. № 172 бұйрығымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. 2025 жылғы 1 қаңтар мен 31 желтоқсан аралығында білім беру қызметтерін алушылар бойынша ваучерлік қаржыландыруды ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі пилоттық жоба (бұдан әрі - Пилоттық жоба) енгізілсін.
ҚР Оқу-ағарту министрінің 2025.06.05. № 105 бұйрығымен 2-тармақ өзгертілді (2025 ж. 3 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады) (бұр.ред.қара)
2. Мыналар:
1) Көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшамен бекітілген Білім беру қызметтерін алушылар бойынша ваучерлік қаржыландыруды ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы пилоттық жобаны жүргізу алгоритмі;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Пилоттық жобаны жүргізудің жоспар-кестесі бекітілсін;
3) Көрсетілген бұйрыққа 3-қосымшамен бекітілген Өңірлерді мектепке дейінгі білім беруді ваучерлік қаржыландырудың пилоттық жобасына көшу кестесі бекітілсін.