Исламдық бағалы қағаздарды шығару, айналысқа жіберумен өтеу және оларды мемлекеттік тіркеу, орналастыру және өтеу қорытындылары туралы есептерді қарау және исламдық бағалы қағаздар шығарылымының күшін жою қағидаларын, сондай-ақ Исламдық бағалы қағаздардың шығарылымы проспектісіне қойылатын талаптарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 19 желтоқсандағы № 251 Қаулысы
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қарашадағы № 298 Қаулысымен 2019 ж. 1 қаңтардан бастап күші жойылды
«Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Исламдық бағалы қағаздарды шығару, айналысқа жіберу мен өтеу және оларды мемлекеттік тіркеу, орналастыру және өтеу қорытындылары туралы есептерді қарау және исламдық бағалы қағаздар шығарылымының күшін жою қағидалары;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Исламдық бағалы қағаздардың шығарылымы проспектісіне қойылатын талаптар бекітілсін.
2. Осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін қадағалау департаменті (Хаджиева М.Ж.) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Құқықтық қамтамасыз ету департаментімен (Досмұхамбетов Н.М.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;