Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдарында тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 244 бұйрығы (күші жойылды)

Информация о документе
Датавторник, 31 марта 2015
Статус
Утратил силу
утратил силу с 4 марта 2018

Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдарында тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 244 бұйрығы

 

ҚР Қаржы министрінің 2018 жылғы 1 ақпандағы № 100 бұйрығымен күші жойылды

 

«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексінің 216-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдарында тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидасы бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетіне (Д.Е. Ерғожин) заңнамамен белгіленген тәртіпте:

1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік баспа басылымдарда және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Министр

Б. Сұлтанов

 

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің

2015 жылғы 31 наурыздағы

№ 244 бұйрығымен

бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдарында
тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану

қағидасы

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Қағида «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 216-бабына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдарында тәуекелдерді басқару жүйесін (бұдан әрі - ТБЖ) қолдану тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағиданың мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) тәуекелдерді анықтау жөніндегі нысаналы әдістеме - математикалық-статистикалық әдістерді пайдаланумен және (немесе) сарапшылық әдістерді қолданумен ақпаратқа талдау жүргізу тәртібі;

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом