Сотталған адамның әлеуметтік пайдалы байланыстарын қолдау үшін ауыстыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 31 мамырдағы № 375 бұйрығы
(2024.26.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2025 ж. 29 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Ішкі істер министрінің 2020.18.03. № 233 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі 88-бабының 4-1 - бөлігіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Сотталған адамның әлеуметтік пайдалы байланыстарын қолдау үшін ауыстыру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі баспа және электрондық түрдегі көшірмелерін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін жолдауды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Б.Б. Бисенқұловқа және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы А.Х. Базылбековке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Министр полиция генерал-полковнигі | Қ. Қасымов |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Бас Прокуроры
Ж. Асанов
2017 жылғы 10 маусым