Бір өтініш негізінде электрондық нысанда бірнеше мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 21 маусымдағы № 472 бұйрығы
(2016.12.10. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2020 жылғы 6 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Бір өтініш негізінде электрондық нысанда бірнеше мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитеті (Б.Б. Мусин):
1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;
2) Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде оны мемлекеттік тіркеуден кейін бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернетресурсында ресми жариялануын және мемлекеттік органдардың интранетпорталында орналасуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вицеминистрі С.С. Сарсеновке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация министрінің
2013 жылғы 21 маусымдағы
№ 472 бұйрығымен бекітілген
Бір өтініш негізінде бірнеше мемлекеттік қызметті электрондық нысанда көрсету
қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы бір өтініш негізінде бірнеше мемлекеттік қызметті электрондық нысанда көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) бір өтініш негізінде бірнеше мемлекеттік қызметті электрондық нысанда көрсету тәртібін анықтайды.
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016.12.10. № 196 бұйрығымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)