ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ
Қазақстан халқы Ассамблеясының 2022-2026 жылдарға арналған даму тұжырымдамасын бекіту туралы
Осы редакция 2023 жылғы 13 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан халқы Ассамблеясының дамуын орта мерзімді перспективада қамтамасыз ету мақсатында «Қазақстан халқы Ассамблеясының ережесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 7 қыркүйектегі № 149 Жарлығымен бекітілген Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы ереженің 26-тармағына сәйкес, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан халқы Ассамблеясының 2022-2026 жылдарға арналған даму тұжырымдамасы бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Қазақстан халқы Ассамблеясының (2025 жылға дейінгі) даму тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 148 Жарлығы;
2) «Қазақстан халқы Ассамблеясының (2025 жылға дейінгі) даму тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 148 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 9 қаңтардағы № 824 Жарлығы.
3. Осы Жарлық қол қойылғна күніен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Президенті | Қ. ТОҚАЕВ |
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2022 жылғы 15 қыркүйек
№ 1014
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2022жылғы 15 қыркүйектегі
№ 1014 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан халқы Ассамблеясының 2022-2026 жылдарға арналған даму
ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
Мазмұны
1-бөлім. Қазақстан халқы Ассамблеясының 2022-2026 жылдарға арналған даму тұжырымдамасының паспорты
2-бөлім. Ағымдағы ахуалды талдау
3-бөлім. Халықаралық тәжірибеге шолу
4-бөлім. Этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясат жүйесінде Қазақстан халқы Ассамблеясының даму пайымы
5-бөлім. Қазақстан халқы Ассамблеясын дамытудың негізгі қағидаттары мен тәсілдері