Алматы облысы әкімдігінің 2025 жылғы 28 наурыздағы «Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының тізбесін бекіту туралы» № 87 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Алматы облысы әкімдігінің 2025 жылғы 17 қарашадағы № 342 Қаулысы
Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Алматы облысы әкімдігінің 2025 жылғы 28 наурыздағы «Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының тізбесін бекіту туралы» № 87 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6229-05 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
аталған қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. «Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін Эталондық бақылау банкінде жариялау үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы қаулыны Алматы облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Облыс әкімі | М. Сұлтанғазиев |
Алматы облысы әкімдігінің
2025 жылғы 17 қарашадағы
№ 342 қаулысына қосымша
Алматы облысы әкімдігінің
2025 жылғы 28 наурыздағы
№ 87 қаулысына қосымша
Алматы облысы бойынша жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының
тізбесі
| № | Балық шаруашылығы су айдындарының атауы | Су айдынының, су қоймасының, көлдің ауданы (га) / Өзеннің ені (км) | Ұзындығы (км) | Балық шаруашылығын жүргізу түрі |
| Балқаш ауданы |