Ерейментау ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 1 маусымдағы № а-6/166 «Ерейментау ауданында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жай беру туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Ақмола облысы Ерейментау ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 16 шілдедегі № а-7/186 Қаулысы
ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Ерейментау ауданы әкімдігінің «Ерейментау ауданында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жай беру туралы» 2020 жылғы 1 маусымдағы № а-6/166 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7876 тіркелген) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Ерейментау ауданында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы»;
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Ерейментау аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен бірлесіп, Ерейментау ауданында барлық кандидаттар үшін үгiттiк баспа материалдарын орналастыру үшiн орындар белгiленсiн.»;
көрсетілген қаулының 2-тармағы алып тасталсын;
көрсетілген қаулының 1-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы Ерейментау ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Ерейментау ауданының әкімі | А. Альжанов |
«КЕЛIСIЛДI»
Ерейментау аудандық
аумақтық сайлау комиссиясы
Ақмола облысы Ерейментау ауданы әкімдігінің
2021 жылғы 16 шілдедегі
№ а-7/186 қаулысына
қосымша
Ерейментау ауданы әкімдігінің
2020 жылғы 01 маусымдағы
№ а-6/166 қаулысына
қосымша
Ерейментау ауданында барлық кандидаттар үшін үгiттiк баспа материалдарын орналастыру үшін орындар
| № р/р | Елді мекеннің атауы | Үгiттiк баспа материалдарын орналастыру үшін орындар |
| 1. | Ерейментау қаласы | Хабарландыруға арналған бағана, Абай Құнанбаев көшесі, 113. |
| Хабарландыруға арналған бағана, Абай Құнанбаев көшесі, 114. |
| Хабарландыруға арналған бағана, Шоқан Уәлиханов көшесі, 39. |