Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі қызметкерлерінің жекелеген санаттарын тамақпен қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі Бастығының 2024 жылғы 28 ақпандағы № 11-40 бұйрығы
«Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 73-бабы 4 тармағының екінші бөлігіне, Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 4 мамырдағы № 814 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі туралы ереженің 21-тармағының 93-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі қызметкерлерінің жекелеген санаттарын тамақпен қамтамасыз ету қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің материалдық-техникалық қамтамасыз ету департаменті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрықпен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлері мен әскери қызметшілері таныстырылсын.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбеліккүн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің Бастығы | С. Исабеков |
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік күзет қызметі Бастығының
2024 жылғы 28 ақпандағы
№ 11-40 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі қызметкерлерінің жекелеген санаттарын тамақпен қамтамасыз ету
қағидалары
1 тарау. Жалпы ережелер