Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің басшы қызметкерлеріне еңбекақы төлеу, ақшалай сыйақылар, сондай-ақ материалдық көтермелеудің басқа да түрлерін есептеу жөніндегі ішкі саясатына қойылатын талаптарды белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 74 Қаулысы
(2020.30.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2021 жылғы 17 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2013.26.07. № 202 Қаулысымен (бұр.ред.қара); ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020.30.03. № 28 Қаулысымен (бұр.ред.қара) тақырыбы жаңа редакцияда
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2018.27.08. № 195 Қаулысымен (бұр.ред.қара); ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020.30.03. № 28 Қаулысымен (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы және «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2013.26.07. № 202 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2016.30.05. № 127 Қаулысымен (бұр.ред.қара); ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020.30.03. № 28 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Осы қаулының мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) белгіленген сыйақы - қаржы ұйымының басшы қызметкерлеріне еңбек нормаларын орындағаны үшін қызметкердің біліктілігі, орындалатын жұмыстың күрделілігі, саны, сапасы мен талаптары ескеріле отырып төленетін еңбекақының (тұрақты жалақының) белгіленген мөлшері;