Барлық немесе жекелеген операцияларды орындау үшін темір жол станцияларын, разъездерін ашу және жабу ережелерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 23 шілдедегі № 283-І бұйрығы
(2013.06.08. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2017 жылғы 30 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2013.06.08. № 607 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Темір жол көлiгі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 17-бабы 2-тармағына сәйкес Бұйырамын:
ҚР Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2013.06.08. № 607 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған барлық немесе жекелеген операцияларды орындау үшін темір жол станцияларын, разъездерін ашу және жабу ережелері бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлігінiң Темір жол көлiгі комитетi (Н.Т.Байдәулетов) осы бұйрықты мемлекеттік тiркеу үшiн Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігіне ұсынуды қамтамасыз етсiн.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар бiрiншi вице-министрi Ю.И.Лавриненкоға жүктелсiн.
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркелген күннен бастап күшiне енедi.
ҚР Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2013.06.08. № 607 бұйрығымен ереже жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының
Көлік және коммуникациялар
министрінің
2004 жылғы 23 шілдедегі
№ 283-І бұйрығымен
бекітілген
Барлық немесе кейбір операцияларды орындау үшін
темір жол станцияларды ашу және жабу
ережелерi
1. Барлық немесе кейбір операцияларды орындау үшін темір жол станцияларды, разъездерді ашу және жабу ережелері «Темір жол көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 17-бабы 2-тармағына сәйкес әзірленген.